Қазақстандық AVANGAR CS-командасы StarSeries & i-League Season 8 жарысында Heroic командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Швейцариялық Best of Three жүйесі бойынша өткен матчта 2:0 есебімен қазақстандық команда жеңіске жетті. AVANGAR-дің турнирдегі келесі қарсыласы Францияның G2 Esports командасы.

Айта кетейік, StarSeries & i-League Season 8 21-27 қазан аралығында Түркияның Белек қаласында өтеді. 16 команда қатысып жатқан жарыстың жалпы жүлде қоры 500 мың доллар.