21-24 қараша Нұр-Сұлтан қаласында, елімізде тұңғыш рет балалар мен жасөспірімдер арасындағы «Make it possible» спартакиадасы өтеді. ᅠМүмкіндігі шектеулі және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар арасында өтетін жарыста жас спортшылар шағын футбол, үстел теннисі, армреслинг, асық ату, тоғызқұмалақтан бақ сынайды.

Сайысқа өтінім қараша айының 10 шы жұлдызына дейін қабылданады.