Бүгін «Астана» командасының бапкерлер құрамы мен ойыншылары Нидерландыға УЕФА Еуропа Лигасының топтық кезеңі аясындағы «АЗ Алкмаарға» қарсы кездесуге аттанды.
Команда қызғалдақтар еліне төмендегі құраммен барады:
Қақпашылар: Ненад Эрич, Александр Мокин, Станислав Павлов,
Қорғаушылар: Лука Шимунович, Дмитрий Шомко, Евгений Постников, Юрий Логвиненко, Абзал Бейсебеков, Антонио Рукавина, Лев Скворцов,
Жартылай қорғаушылар: Юрий Перцух, Серікжан Мужиков, Иван Маевский, Дидар Жалмұқан, Дорин Ротариу,
Шабуылшылар: Сергей Хижниченко, Роман Муртазаев, Владислав Прокопенко, Рамазан Каримов, Рангело Янга.
Еске сала кетейік, «АЗ Алкмаар» – «Астана» арасындағы ойын 24-ші қазан күні өтеді. Ойынды QAZSPORT телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді
Комментарии