Қазақстан чемпионатының 30-шы турына қазақ футболындағы қос алып клуб «Астана» мен «Қайрат» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесудің 9-шы минутында Марин Томасов жойқын соққысымен Стас Покатилов қақпасының алыс бұрышын дәл көздеп, есеп ашты. Бірінші таймның аяғына дейін қайраттықтарда таразы басын теңестіруге бірнеше мүмкіндік болғанымен, Алексей Шпилевский шәкірттері гол соға алмады.

Ойынның екінші бөлігін алаң иелері белсенді бастады. Сергей Хижниченко 61-ші минутта есепті еселеп кетті. Абзал Бейсебеовтың соққыға ұқсас пасын 28 жастағы шабуылшы голға ұластыра алды.

Қонақтар араға сегіз минут салып, есепті қысқарта алды. Бұрыштамадан кейін қырағылық танытқан қорғаушы Раде Дугалич Ненад Эричтің иелігінен саңылау тапты. Дугалич осы маусымда екінші мәрте «Астана» қақпасына гол соқты. Алматылық жанкүйерлердің өкінішіне орай, «Қайрат» футболшы есеп теңестіре алмады.