"Оқжетпес" командасының бас бапкері Андрей Карпович "Ақтөбемен" (2:1) болған ойын жайлы өз пікірін білдірді.

-Өте қиын ойын болды. Жеңіске жету басты мақсатымыз еді, жігіттерге де алғыс айтамын. "Ақтөбе" жас команда. Бұл жерде әрдайым қызу қолдау көрсетіледі. Нағыз футбол мерекесі дерсің. Үш ұпайға қол жеткізгенімізге қуаныштымыз. Әрі қарай жылжи беру керек.