Бүгін футболдан Қазақстан чемпионатының 30-туры аясында «Тобыл» өз алаңында шымкенттік «Ордабасыны» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Алғаш боп қостанайлықтар гол соқса да, алаң иелеріне жеңіс бұйырмады.

«Тобыл» турнирлік кестеде 59 ұпаймен «Қайраттан» қалып, екінші орында келеді. Ал шымкенттік клуб 56 ұпаймен төртінші орынға жайғасқан.

«Тобыл» — «Ордабасы» 1:2 (1:1)Гол: Нұрғалиев 31 (1:0), Жоао Пауло 37 (1:1), Бадибанга 52 (1:2).