«Ертіс» футбол клубының қорғаушысы Руслан Есімов «Қайсарға» қарсы ойын туралы өзінің пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.- Руслан, «Қайсарға» қарсы дайындықтарыңыз қалай өрбіді?-Үлкен рақмет. Кестедегі орналасу бойынша бұл өте маңызды матч болды. «Қайсар» кубок иегері болғандығына еш мән берген жоқпыз, себебі ол турнирдегі ойын өзге, чемпионаттағы кездесулер мүлдем басқаша. Сондықтан бүгінгі ауа райы қолайсыздықтарына қарамастан, бізге демеу болу үшін, стадионға келген жандарды қатты қуантқымыз келді. Барлығына мың алғыс.- Қатарынан екінші матчта гол соғып жатырсың. Жалпы бұл саған қосымша жігер береді ме? Өзіңді қалай сезінесің?-Әрине, өте қуаныштымын. Бұл чемпионат аясында «Ertis» сапындағы алғашқы голдарым. Бастысы командаға пайда әкелсем болғаны. Сәттілік те бар, дайындық та өз көмегін тигізеді.-Келесі ойындар жүлделі орындарға талас жүргізіп жатқан командаларға қарсы өтеді. Қиындықтар болады ма? Қалай ойлайсың?-Қиын болады ма, жоқ па, бұл біздің ойынымызға байланысты. Барлығы бірдей, ешкім бізден артық емес. Сондықтан алаңға жеңіске жету үшін шығатын боламыз.