Кеше, 19 қазанда Ресейдің Сочи қаласындағы WoW аренада Fight Nights Global 95 турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Кештің басты кездесуінде ең жеңіл салмақ санатындағы (56 келі) Жалғас Жұмағұлов пен FC ұйымының бұрынғы спортшысы Али Багаутдиновпен жұдырықтасты.

Қазақстандық файтер бес раунд қорытындысы бойынша қарсыласын төрешілердің бөлек шешімімен ұтып, ең жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін қорғап қалды.