Сочи қаласында өткен Fight Nights Global турнирінде қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Кештің басты жекпе-жегінде Жалғас Жұмағұлов ресейлік Али Багаутдиновпен жұдырықтасты. Қазақстандық файтер бес раунд қорытындысы бойынша қарсыласын төрешілердің бөлек шешімімен ұтып, ең жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін қорғап қалды.