Қазақстандық теннисші Анна Данилина АҚШ-та өтіп жатқан Oracle Pro Series турнирінде жұптық сайыста финалға шықты.

Анна ақтық сында сербиялық Владица Бабичпен бірге жұп құрап бақ таластырады. Олар жартылай финалда Эмили Эпплтон (Ұлыбритания) мен Жаклин Кейкодан (АҚШ).басым түскен еді.

Енді шешуші матчта олар АҚШ өкілдері Саванна Броадус және Ванесса Онгпен ойнайды. Айта кетсек, Данилина жекелей сында да жартылай финалға шыққан болатын.