Анна Данилина черногориялық Владица Бабичпен бірге жұп құрап, Уэйко қаласында (Техас, АҚШ) өтіп жатқан Oracle Pro Series турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалда қазақстандық-черногориялық жұп британиялық Эмили Эпплтон мен АҚШ өкілі Жаклин Кейконы 6:0, 6:2 есебімен жеңді.

Данилина мен Бабич финалда Америкалық теннисшілер Саванна Броадус и Ванесса Онгпен ойнайды.