Қазақстандық теннисші Тимур Хабибулин Бухара қаласында (Өзбекстан) өтіп жатқан ITF Bukhara Men's халықаралық турнирінің жұптық сынында жартылай финалда жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Өзбекстандық Санжар Файзиев пен Хабибулин, өзбек дуэті Дадабаев / Уриновты 6:2, 7:6 (6) есебімен жеңді. Ойын 1 сағат 3 минутқа созылды.

Финалда Тимур мен Санжар ресейлік Фуфыгин / Ратнюк жұбымен кездеседі.