Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Премьер-лиганың 31-туры аясында өтетін «Шахтер» - «Оқжетпес» матчын 26-шы қазанға ауыстырды.

Қарағандылық команда ҚКФЛ-дан «Оқжетпестің» келісімімен аталған матчты бір күн кейінге шегеруді сұраған.

Сондай-ақ Қарағандының стадионында ресми ойын өткізуге тыйым салынғандықтан «Шахтер» «Атырау» матчы «Астана Аренада» өтеді.