«Астана» футбол клубының атқарушы директоры Пол Эшуорт «Тарлан Аренада» футбол орталығының жастар командаларының жаттықтырушыларымен кездесті.

Эшорт аталмыш кездесу барысында Англия футбол қауымдастығының жастар командаларын тәрбиелеу үшін қолданатын – «Ағылшындық ДНҚ» оқыту бағдарламасының таныстырылымын жасады.

Сондай-ақ, Пол Эшуорт Англия мен Нигериядағы және де латыштық «Венспилс», «Сконто», ресейлік «Ростов» клубтарындағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті.