Америкалық танымал Boxing News24 порталы кіші Флойд Мэйвезер қазақстандық Геннадий Головкинмен рингке шықса, ол өзінің карьерасындағы алғашқы жеңіліске тап болатын еді деп санайды.

- Мэйвезердің МакГрегормен жекпе-жегін еске түсіріңіз. Америкалық 40 жаста еді. Ол сол кездегі ең мықты боксшылармен бәсекеге түсе алмайтын еді. Егер ол 50-ші жекпе-жегі үшін Геннадий Головкин, Сауль «Канело» Альварес немесе кіші Эррол Спенс сияқты біреуді таңдаса, ол жеңіліп қалуы әбден мүмкін болатын.

Мэйвезер Макгрегормен жұдырықтасқан кезде баяу көрінді. Бірақ америкалық боксшының Конормен төбелесуден басқа амалы жоқ еді. Өйткені, егер ол жоғарыда аталған боксшылардың біреуімен рингке шыққанда Флойд міндетті түрде нокаутқа түсетін жақсы түсінді, - деп жазды портал өз материалында.

Еске сала кетсей, Мейвезер-Макгрегор жекпе-жегі 2017 жылы WBC Money Belt арнайы белбеуі үшін жартылай орта салмақ дәрежесі аясында өтті. Америкалық 10-шы раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Головкин мен Шеремета Чикагода жұдырықтасуы мүмкін

Головкин әлемдік рейтингте үздік бестікке енді