Қазақстан құрамасы жазғы спорт ойындарының 8 түрінен 12 алтын, 11 күміс және 16 қола медаль жеңіп алды.

Бельгияда өткен арнайы олимпиадаға елімізден 41 спортшы қатысқан болатын. Олар спорттың жеңіл атлетика, стол теннисі, велоспорт, суда жүзу, бадминтон, баскетбол, бочча, яғни, жердегі бильярд түрлері бойынша бақ сынасты.