Инхчонда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында дзюдодан 52 келіге дейін салмақ бойынша сынға түскен Ленария Меңғазова Қазақстанның қоржынына тағы бір қола медаль салды.

Ленария алғашқы белдесуінде макаолық Чи Ленг Вонгты қапы қалдырып, ширек финалда моңғол Цолмон Адиясамбууды тізе бүктірді. Кейін түркіменстандық Гүлбадам Бабамұратовамен финалға берер жолдаманы сарапқа салып, жеңіліп қалды.

Осылайша үшінші орынға таласқан қандасымыз үнді қызы Калпана Деви Зоудамды медальсыз қалдырды.