66 келіге дейін салмақта сынға түскен қазақстандық палуан Азамат Мұқанов қола үшін таласта тайпейлік Чиа Хунг Чиеннен басым түсті.

1/16 финалда Азаматтың қарсыласы ауғанстандық Заки Зубайрулла татамиге шығудан бас тартқан. Ширек финалда қытайлық Ма Дуанбин Мұқановқа 13:10 есебімен жол берді. Дегенмен қазақстандық палуанның жолына жартылай финалда моңғолиялық Төмөрхүлэг Даваадорж кедергі болды.