Қарағандыда өтіп жатқан конфедерация кубогының іріктеу кезеңінде күрес түрлерінен С тобының үздіктері белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған додада еркін күрес бойынша Нұр-Сұлтан қаласы жартылай финалға шықса, грек-рим күресінен Шымкент командасы өз тобында жеңімпаз атанды. Айта кетерлігі, С тобында Қарағанды облысы, Түркістан облысы мен Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларының командалары өзара бақ сынап жатыр. Конфедерация кубогының финалдық кезеңі 7-8 желтоқсан күндері Алматы қаласында Балуан Шолақ спорт сарайында өтеді деп жоспарланған.