Эстония астанасының мэрі Михаил Кылварт Нұр-Сұлтан қаласында таеквондодан жас спортшылардың жаттығуына қатысты.

Таллин қаласының мэрі, таеквондодан қара белбеу иегері Михаил Кылварт Қазақстанға ресми іс-сапары кезінде қазақстандық таеквондошыларға қызығушылық танытып, жаттығуларына қатысты.

Қазақстан таеквондо федерациясының «Мұстафа» мектебінің оқушылары мәртебелі мейманға әр түрлі жаттығулардан қойылым көрсетті.

Мектеп оқушылары Кылварт мырзаға сыйлық ретінде добокты табыстады. Таллин қаласының әкімі жас спортшыларға сәттілік тілеп, Эстонияға жарысқа шақырды.