PlayStation 5 консолінің жаңа түрі қашан шығатыны белгілі болды, деп жазады Prosports.kz.

Sony Interactive Entertainment компаниясының атқарушы директоры Джим Райанның хабарлауынша PS5 2020 жылдың соңында ойынпаздарға жол тартады екен.

Ойын құрылғысының техникалық сипаттамасы туралы әзірге ештеңе белгісіз. Тек PS5 консоліне сәуленің жол тартуы технологиясы қолданылады деп күтіліп отыр. Ол үшін оған арнайы графикалық процессор орнатылады.