«Ливерпуль» командасының бас бапкері Юрген Клопп Ағылшын премьер-лигасында қыркүйек айының үздік бапкері атағын жеңіп алды.

Премьер-лига баспасөз қызметінің хабарлауынша, неміс жаттықтырушысы дауыс беру қорытындысы бойынша Фрэнк Лэмпардты ("Челси"), Эдди Хоуды ("Борнмут") және Брендан Роджерсті ("Лестер") артта қалдырды.

Қыркүйек айында Клопп командасы үш кездесу өткізіп, «Ньюкасл» (3:1), «Челси» (2:1) және «Шеффилд Юнайтед» (1:0) командаларын жеңді.