ПСЖ құрамасының шабуылшысы Неймар Бразилия құрамасындағы оған құрметтің көрсетілуі мен жағдайының жасалуын қалыпты нәрсе деді. Бұған ол Лионель Мессиді мысалға келтірді.

- Ұлттық құрамада 10 жылдан астам уақыт ойнап келемін. Осы жылдар аралығында құраманың маңызды ойыншыларының бірі болдым. Ешқашан ұлттық құрамада ойнаудан қашпай, бар өнерімді көрсеттетінмін.

«Барселонада» Мессиге ерекше ықылас көрсетеді. Бұған оның керемет ойыны себеп. Қазір мен тек өзім жайлы емес, жоғары деңгейде ойнайтын барлық футболшылар жайлы айтып тұрмын, - деді Неймар.