«Астана» Премьер-Лига аясында 20 қазан күні «Астана Арена» спорт кешенінде алматылық «Қайратты» қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Ойын билеттерінің құны стадиондағы секторларға байланысты 500 және 1500 теңге аралығында арнайы санаттарға бөлінген.

Бұл матчтың билеттері ticketon.kz, kassir.kz және клубтың fcastana.kz ресми сайтында онлайн сатылымға шықты.

Онлайн сатылымнан бөлек, матч күні стадион кассаларынан билеттерді сатып алуға болады.

Айта кетейік, 10 жасқа дейінгі балалар үлкендердің еріп жүруімен стадионға тегін кіре алады және де зейнеткерлер, әрі оған теңестірілген жандардың да ойынға тегін кіретін мүмкіндігі бар.