«Қайсар» ойыншысы Асхат Тағыберген Қазақстан Кубогы аясында «Атырауға» қарсы өткен кездесу туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kzсайты қызылордалық клубтыңресми порталына сілтеме жасап.

«Ең алдымен барлық әріптесіме алғыс айтамын. Өйткені, алаңда аз болса да соңына дейін күресті және сол күресте жеңіске жетті. Қызыл қағаз алғаным үшін барлығынан кешірім сұраймын. Енді мұндай қателік ешқашан орын алмайды.

Алда 5 тур бар. Сол ойындардада жеңіске жетуге әрекет етеміз. Бізбен соңына дейін бірге болған жанкүйерлерге де ризашылығымды білдіремін».

Қазақстан кубогының финалына бейнешолу