Жастар хоккей лигасы аясында өткен өскемендік «Алтай» мен новосібірлік «Сибирские снайеры» арасында матч жаппай төбелеспен аяқталды.

Өскеменде өткен матч алаң қожайындарының пайдасына 3:1 есебімен аяқталды. Ойынның соңында «Алтай» үшінші голын соққаннан соң мұзайында екі хоккейші бір-бірінің жағасынан алды. Артынша екі команданың барлық ойыншылары төбелесіп кетті.