Қазақстан мен Ресей хоккейшілері жаппай төбелесті
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызЖастар хоккей лигасы аясында өткен өскемендік «Алтай» мен новосібірлік «Сибирские снайеры» арасында матч жаппай төбелеспен аяқталды.
Өскеменде өткен матч алаң қожайындарының пайдасына 3:1 есебімен аяқталды. Ойынның соңында «Алтай» үшінші голын соққаннан соң мұзайында екі хоккейші бір-бірінің жағасынан алды. Артынша екі команданың барлық ойыншылары төбелесіп кетті.