Қазақстандық футзалшылар Асылжан Алин мен Владислав Черномордов ресейлік «Дельта» клубын толықтырды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

23 жастағы Асылжан «Ақтөбе» сапынан ауысты. Футзалдан Қазақстан чемпионаты 2018/2019 маусымында ол 22 кездесуге қатысып, 1 гол соқты. Владислав «Қайрат» сапында өнер көрсетті. Ол өткен маусымда 8 гол соқты.