Бүгін алматылық «Қайрат» футзал УЕФА Чемпиондар лигасы жаңа маусымы аясында алғашқы матчын өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кака шәкірттері ресейлік КПРФ клубымен сынға түседі. Кездесудің басталуы - 19:45-те (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша). Ойынды «Ел Арна» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетейік, барлық матчтар 8-13 қазан аралығында венгриялық Береттьоуйфалу қаласында өтеді.