Әлемдік рейтингтегі №1 теннисші Новак Джокович Токиода өткен АТР 500 категориялы турнирдің жеңімпазы атанды, деп жазады Prosports.kz.

Сербия теннисшісі финалда аустралиялық Джон Миллманды (АТР рейтингінде №80) еш қиындықсыз 6:3, 6:2 есебімен жеңді.

Айта кетелік, Джокович осы маусымдағы төртінші, спорттық мәнсабындағы 76-жүлдесін жеңіп алды. Сербиялық бұл жағынан Рафаэль Надаль (84) және Роджер Федерерден (102) ғана қалып тұр.