Қазақстандық теннисші Александр Бублик Шанхайдағы АТР іріктеу турнирінің финалында ойнады, деп жазады Prosports.kz.

Қазақстандық турнир финалында жапониялық Есихито Нисиокиды жеңді. Кездесу бір сағатқа созылып, 2:0 (6:3, 6:2) есебімен Бубликтің пайдасына шешілді.

Сөйтіп, Александр Бублик Қытайдағы турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алды. 8 қазан күні жарыстың 1/32 финалда Бублик канадалық Феликс Алиассима Огемен кездесу өткізеді.