Бүгін Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында қазақстандық Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко жұдырықтасты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

12 раундқа созылған жекпе-жек қазақстандық боксшының пайдасына шешілді. Головкин төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, қазақстандық былғары қолғап шебері IBF және IBO тұжырымдарының белдігін қайтарып алды.

Желіде төрешілер жазбасының суреті жарияланды.