Қазақстандық боксшы Ақерке Бақытжан Улан-Удэ қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/16 финалында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

75 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Ақерке тайпейлік Лин Сиді 5:0 есебімен жеңіп, 1/8 финалға жолдама алды.

Айта кетейік, бұған дейін Алуа Балқыбекова мен Назым Қызайбай 1/8 финалға өте алмаған болса, Дариға Шәкімова мен Айжан Қожабекова алғашқы кездесулерін сәтті өткізген.