Қазақстандық файтер Мария Агапова (9-1) америкалық Канзас-Сити (Канзас штаты) қаласында өткен Invicta FC 37 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жерлесіміз бразилиялық Марилия Сантоспен сынға түсті. Мария бірінші раундта техникалық нокаутпен қарсыласын жеңді.

Агапова 7 қыркүйекте аталмыш промоушен аясында өткізген дебютінде жеңіске жеткен болатын.