Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жұман Жұмабеков Нұр-Сұлтанда жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жұмабеков елордада өтетін M-1 Challenge 105 турниріне қатысады. Жерлесіміздің қарсыласы - Микаэль Силандер.

Айта кетейік, Силандер осы жылдың ақпан айында Арман Әшімовпен кездесіп, нокаутпен ұтылған болатын.