Дохада жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының сегізінші күнінде Қазақстан ешқандай жүлде алмады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты. Георгий Шейко спорттық жүрістен 19-орынды місе тұтты. Шейко аталмыш қашықтықты 1 сағат 32 минут 53 секундта жүріп өтті. Сайысқа барлығы 54 спортшы қатысты.Әйелдер эстафетасында да Қазақстанның жолы болмады. Қыздарымыз 43,79 секунд уақытты көрсетіп, 12-орынға ие болды.