Қазақстандық Altay Athletics клубының спортшылары Габонда өткен халықаралық жарыста үздік атанды.

Габон елінде өткен жарыста 10 шақырым қашықтықта сынға түскен Қазақстан азаматтығын алған бұрынғы кениялық спортшылар жүлдегерлер қатарынан көрінді. Нора Джеруто алтыннан алқа тақса, Дэйзи Джепкемей екінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, Altay Athletics Қазақстандағы тұңғыш әрі жалғыз кәсіпқой клуб саналады.