16 қыркүйек күні Белкада (Түркия) «Gloria Cup 2019 Athletics» турнирі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК ресми порталына сілтеме жасап.

Турнирге Қазақстан құрамасы сапынан Ольга Сафронова, Элина Михина және Надежда Дубовицкая қатысты. Ольга Сафронова 100 м қашықтықты 11.58 уақытта бағындырып, қола жүлдегер атанды.

Тағы бір қазақстандық Элина Михина дәл осы қашықтықта мәреге алтыншы (11.74.) болып жетті. Надежда Дубовицкая болса биіктікке секіру бойынша 170 см-ге секіріп, төртінші орынға ие болды.