Қазақстандық жеңіл атлет Гүлжанат Жанатбек Дубайдағы марафонға қатысады.

Ұзақ шақырымдарға жүгіруден сынға түсетін Гүлжанат Еуропадағы жартылай марафонға, сондай-ақ, IAAF Golden Label Dubai Marathon турниріне қатысады.

Нұр-Сұлтанда өткен Astana Marathon-2019 турнирінде Жанатбек 2:33:25 уақыт көрсеткішімен екінші орын алған болатын.

Дубай марафоны 2000 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.