Жартылай ауыр салмақта (93 келі) өнер көрсететін қазақстандық файтер Асылжан Бақытжанұлы ACA 100 турнирі аясында жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Сақ» Алексей Стоянмен (6-5) кездеседі. Бүгін Грозныйда өтетін АСА 100 турнирі Бақытжанұлы мен Стоянның жекпе-жегімен ашылады. Кездесу Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 22:00-де басталады.

Тікелей эфир компанияның ресми сайтында қол жетімді болады.

Айта кетейік, ACA 100: Fight Day турнирі аясында Артем Резников өнер көрсеткен болатын. «Спартак» Хасан Халиевті қылқындырып тастады. Осылайша, Артем Резников ACA ұйымындағы дебютін сәтті өткізіп, өз рекордты 20-6-ға жеткізді.