Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин UFC файтері Конор Макгрегормен айқасу мүмкіндігі туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Макгрегормен айқасар ма едім? Әрине. Көп ақша болса, бәрі келісер еді. Жеңіл ақша»,- деді Геннадий.

Головкиннің Сергей Деревянченкомен айқасы 6 қазан күні таңертең Нью-Йоркте (АҚШ) Madison Square Garden аренасында өтеді. Боксшылар IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуіне таласады.

Головкин — Деревянченко: Жекпе-жек алдында

GGG: Бізді сұрапыл айқас күтіп тұр