UFC Президенті Дана Уайт ресейлік балуан Хабиб Нурмагомедовтың кезекті қарсыласы туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

— Хабиб Сен-Пьермен төбелескісі келеді. Біз де мұндай жекпе-жекті өткізгіміз келеді. Алайда ол, ең алдымен, Тони Фергюсонды жеңуі керек, — деді Уайт.

Промоушен Нурмагомедов — Фергюсон жекпе-жегін келесі жылдың көктемінде өткізуді ойлап жүр. Екі файтер бірнеше рет жекпе-жек өткізуді жоспарлаған болатын.