4 қазан күні Грозный қаласында өтетін ACA 100 турнирінде екі қазақстандық файтер сегізбұрышқа шығады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл кеште Артем Резников ресейлік Хасан Халиевке қарсы қарымта айқас өткізеді. Қос спортшы арасындағы алғашқы жекпе-жек сәуір айында алматыда өткен. Ол кезде қазақстандық файтер жеңіске жеткен еді.

Хасан Халиев жақында ПАНАЕХАЛИ Youtube арнасына берген сұқбатында алдағы жекпе-жекке дайындығы және алғашқы кездесуде не үшін ұтылғаны жайлы баяндап берді.

«Психологиялық тұрғыда мен жекпе-жекке дайынмын. Бұл кездесуде бәрі өз қолымда деп ойлаймын. Бұл жекпе-жек Рамзан Ахматұлының арқасында өткелі отыр. Оның үмітін жерде қалдырмауға тырысамын. ACA-дан алатын ақша жайлы айтарым аз. Мен оны талқылаған да жоқпын, бастығым осылай шешті, мен қол қойдым. Бұдан кейін не болатынын әлі білмеймін.

Сәуір айындағы жекпе-жекке келсек, ол кезде толық дайын болмадым. Алты ай бойы денсаулығыма байланысты жаттығу жасамағам. Маған жекпе-жектен 12 күн бұрын ғана ұсыныс жасады. Осы аралықта мен 17 келі салақ тастадым. Біз ол кезде титулдық жекпе-жектердегідей бес емес, үш раундтық кездесу өткіздік. Ал алдағы жекпе-жекке тыңғылықты дайындалдым. Жеңіліс әр спортшыда болады, бұда тұрған ештеңе жоқ», - деп қорытындылады Халиев.