Ресейдің Улан-Удэ қаласында бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Бүгін, жарыстың алғашқы күнінде шаршы алаңға шыққан Алуа Балқыбекова жеңіске жете алмады.

48 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін отандасымыз өзбекстандық Гуласал Султаналиеваға (Gulasal Sultonalieva) 3:2 есебімен есе жіберді.