Жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшы Асан Райымбек (2-0, 2КО) кезекті жекпе-жегін 5 қазанда өткізеді.

Отандасымыз Броварыда (Киев облысы, Украина) өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығады. Қарсыласы жергілікті боксшы Сергей Сорока (2-1). Жекпе-жек алты раундқа жоспарланып отыр.

25 жастағы Райымбек кәсіпқой бокстағы алғашқы қадамын билы 24 шілдеде жасаған болатын.