Қытайда гандболдан әйелдер арасындағы лицензиялық Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан құрамасы жарысты төртінші орынмен аяқтап, жолдамадан құр қалды.

2020 жылғы Олимпиада ойындарына берілетін жалғыз жолдаманы Оңтүстік Корея құрамасы иеленді. Күміс жүлде Қытай, қола медаль Солтүстік Корея командасының еншісінде.