Қытайда гандболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирде келесі жылы Токиода өтетін Олимпиадаға жолдамалар да сарапқа салынған болатын.

Қазақстан құрамасы құрлық біріншілігінде төртінші орын алды. Өкінішке орай, қыздарымыз Олимпиадаға жолдаманы жеңіп ала алмады.