28 қыркүйек күні «Реалдың» ойыншысы Каземироның үйіне ұры түсті.

Испания чемпионаты аясында «Атлетикоға» қарсы матчта ұрылар футболшының үйін тонап кеткен. Әзірге ненің қолды болғаны белгісіз.

Айта кетейік, Каземиро «Реалдың» сапында 2015 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.