«Бавария» форварды Роберт Левандовски Бундеслига тарихында рекорд орнатты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Левандовски Бундеслига аясында өткен соңғы алты кездесуде 10 гол соқты.

Бұл турнирде алты матч бойы тоғыз гол соққандар – Юпп Хайнкес, Герхард Мюллер, Петер Мейер және Лотар Маттеус.

Айта кетейік, 31 жастағы Левандовски «Бавариямен» келісімшартты ұзартты.