Бокстан аса ауыр салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Владимир Кличко кәсіпқой боксқа қайта оралу мүмкіндігі туралы әңгімеледі, деп жазады Prosports.kz.

- Рингке қайта шығуым мүмкін бе? Білмеймін. Мұны ешкім білмейді. Күн сайын таңғы жаттығуда боксқа қайта оралатыным туралы өзіме өтірік айтамын. Бұл тәтті өтірік деп аталады. Мен тек тәнімді сауықтырып, денсаулығымды күту үшін дайындаламын. Бұл жайлы ешкімге тіс жарғым келмеген еді, - деді кіші Кличко.

Еске сала кетелік, Владимир ең соңғы рет Энтони Джошуамен жұдырықтасқан еді. 2017 жылы өткен бұл кездесуде Кличко нокаут алған болатын. Оның еншісінде 64 жеңіс (54 КО) және бес жеңіліс бар.